Преппи стилі сән әлемінде күннен-күнге өз орнын нығайтып келеді. Мектеп пен университет киім үлгілерінің образдарына ғашық сәнқойлар 2025 жылдың көктеміндегі ең стильді аксессуарды да анықтап үлгерді. Ол — гольф шұлықтары. Иә, арнайы стилизацияны қажет етпейтін биік шұлықтар дизайнерлердің, инфлюенсерлердің және стритстайл жұлдыздарының жүрегін жаулап алса керек. Бұл туралы біз Harper’s BAZAAR España-дан білдік.

Айтпақшы, мақтадан, тоқыма матадан тігілген мұндай шұлықтарды тек кроссовки, кедымен ғана емес, сондай-ақ туфли, балетка және мюли сынды аяқ киімдермен де киеді. Оларға сай образдар да әртүрлі болуы мүмкін: нәзік қуыршақтың көйлектері мен костюмдерден бастап no pants стиліндегі батыл киімдерге дейін. Miu Miu бренді жылы маусымда ашық тұмсықты аяқ киім трендін қайта жаңғыртты: олар мұндай аяқ киімді balletcore эстетикасындағы башпайы ашық леггинстермен үйлестіруді ұсынады. Сәнқойлар 2025 жылдың көктеміндегі ең сәнді аксессуарды аутфиттер «тірі», батыл, әрі еркін болу үшін қалай киюге болатынын көрсетті.


Автор. Мария Бурлака. Аударған. Қорлан Тұрсынбекова. Источник заглавного фото. Spotlight.

Поделиться: