Say Mo мен Ганвест ғашықтар дерсің… Себебі, екеуінің қол ұстасып серуендеп жүрген видеолары желіде қатты қарқынмен таралып жатыр. Желіде ауқымды аудиториясы бар жұлдыздардың фото, бейнежазбаларын оқырмандар TikTok-қа жүктеген. Олар бірге кинотеатрға барып, бірге кешкі ас ішіп, уақытты көңілді өткізуде. Оған қоса Мөлдір Есембек пен Руслан Гоминов қарым-қатынастарын жасырынуға тырыспайды. Фанаттар болса қос музыкант «на рахате» болсын деп жылы лебіздерін жеткізді.


Фото. Instagram @biggunwest @say_mo__
Бұл кезекті хайп немесе PR қадам ба әлде олар махаббат құрып жүр ме? Уақыт төреші.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram @say_mo__