Баян Алагөзованың шаңырағында қуаныш күн санап көбейіп жатыр. Продюсер төртінші қызы Алманы қырқынан шығарып, жеке мейрамын жасап берді. Соңғы 1 айда көп балалы ана атанған медиа тұлға қазақтың әдемі дәстүрін ерекше атап өтті. Кішігірім мерекеге Баян Мақсатқызының жақындары мен өнердегі құрбылары келген.

Кішкентай ханшайым Алманың кіндік шешесі – Аша Матай. Ашаға мұндай статус ұсынған Баян Алагөзова мен күйеуі Тұрсен Алагөзов. Қуанышты жаңалықты Аша өзінің инстаграм парақшасында бөлісті. «Алма деген тәтті қыздың кіндік шешесі болып тағайындалдым! Тұрсен жездем мен Баян тәтем біраз ойланып, қабылдаған шешімдері екен. Баланың мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, ақылы, адамгершілігі, еңбекқорлығы кіндік шешеге тартады деген түсінік бар. Саған ұқсаса, жаман болмайды дейді. Мен үшін бұл үлкен қуаныш, абырой. Аллаға шүкір! Көпбалалы анамын, енді менің 6 қызым бар!», — дейді Матай-тегі.


Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @bayanmaxatkyzy

Поделиться: