«Ирина Кайратовна» тобының мүшесі Алдияр Жапарханов пен режиссер Қуаныш Бейсек ортақ туындыларының тизерін ұсынды. Еске салсақ, жігіттер бірнеше ай бұрын «Дәстүр» атты толықметр таспалаған еді. Лентаның алғашқы кадрларымен бөліскен Кука мен Алдик: «Комедияларға қарсы шығамыз, кино тек бизнес емес өнер екенін дәлелдейміз», — деп мәлімдеме жасады.

Шынайы оқиғаға негізделген «Дәстүр» фильмі 28-желтоқсан күні үлкен экрандарда жарық көрмек. Лентаға Қуаныш Бейсек режиссерлық етсе, Алдияр Жапарханов басты рөлдердің бірін сомдайды.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @kukabeisek

Поделиться: