Тейлор Свифт жаңа әнжинағын ұсынып рекорд орнатты! Әлемге әйгілі поп-орындаушының «The Tortured Poets Department» атты үнтаспасына енген тректер Spotify-да бір күнде 300 миллион тыңдалым жинаған. Мұндай көрсеткішке қазақстандық скрипкашы Ғалия Бисенғалиеваның да қосқан үлесі зор. Пластинкада Ғалия скрипканың партиясын ойнаған.

Бұл жаңалықты Ғалия Бисенғалиеваның өзі инста парақшасында бөлісіп, оқырманнан сүйінші сұрады.  Ғалияның әуезді скрипкасының үнін Тейлор Свифттың: «Сlara bow», «the albatross», «how did it end?», «thank you aimee», «the prophecy robin» тректерінен тыңдай аласыздар. Еске салсақ, отандасымыз бұған дейін Radiohead пен Фрэнк Оушеннің альбомдарына да атсалысқан.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @taylorswift

Поделиться: