Танымал блогерлер отбасы Дархан Жолшыбеков пен Дарикорнның отбасында қуаныш. Желіде хит жұп екінші мәрте ата-ана атанатындарын мәлімдеді. Бұл жаңалықты естіген Дархан жары Дарикорға құны 50 миллиондық автокөлік сыйға тарту етті. «Сенің сыйлығыңның қасында бұл түк емес» , — деген Дархан жұбайына «2 бала туып берсең арманыңдағы көлікті алып берем», — деп кезінде уәде берген екен.

Сүйіктісіне арнайы тосын сый жасаған бизнесменді маңызды сәтте достары қолдап келген. Мәселен, Dameliya Sweet, Sadraddin, Razziyuwa, NNN бастаған топ блогерлер қызықты сәттің куәгері болды. Еске салсақ, Дарханның жеке парақшасында 3,3 миллион оқырман болса, Дарикорнда 1,2 миллион фолловер бар.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @daricorn.rr

Поделиться: