Димаш Құдайберген еліміздегі төтенше жағдайға қатты алаңдаулы. Жас болса да жаһанға танымал музыкант, тығыз кестесіне қарамастан туған жері Ақтөбе мен Атыраудың Құлсары қаласына қол ұшын созу үшін арнайы ұшып келді. Өнерпаз су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде өзі атынан қаржы аударды.
Инста оқырмандарына видео ретінде есеп берген Димаш, маңызды сәтте қасынан табылған жандар алғысын білдірді:
«Бүгін Ақтөбеге келіп, судан зардап шеккен тұрғындарымен кездестім. Оларға қиындықты еңсеруде мықты болуға шақырып, күшіміз бірлікте екенін айттым.
Сонымен қатар, қалада ашылған гуманитарлық көмекті үйлестіру орталығына барып, волонтер жастармен кездесіп алғысымды білдірдім.»
Құдайберген-тегі туған жеріне сапары барысында «Демеу Қазақстан» қайырымдылық қорына 15 миллион теңге көлемінде қаржылай көмек аударды.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @kudaibergenov.dimash