«Дос-Мұқасан» ансамблінің әншісі Ақжол Мейірбеков дүниеден озды. Қайғылы жаңалықты ұжымның ресми инстаграм парақшаларында хабарлады. Өнер иесі 74 жасына қараған шағында  ұзаққа созылған науқастан қайтыс болған.

Еске салсақ, 1978 жылы «Дос-Мұқасан» ансамбліне қабылданып, 1985-1994 жылдары Алматы облыстық филармониясының «Арқас», «Сазген», «Адырна» ансамбльдерінде қызмет еткен. Әнші 1994-1996 жылдары «Гүлдер» ансамблінің көркемдік жетекшісі әрі директоры болып жұмыс істеді.

Ақжол Нұсқабекұлы Мейірбеков – Құрмет орденінің иегері, Ерен еңбегі үшін медалінің иегері.

Өнер иесінің дүниеден өту себебін, ансамблдің инстаграм парақшасында мәлімденді: 

«Қадірлі ағайын! Біз үшін бүгінгі күн-қаралы күн. «Дос-Мұқасан» ансамблінің әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, Алматы қаласының құрметті азаматы Ақжол Мейірбеков ұзаққа созылған науқастан өмірден озды. Өнер ұжымында талай жылдар көрерменге көлдей көңілімен ән салып, қадірлі болған азаматтан айрылу жанымызды жабырқатты. Қазақ еліне қайғырып көңіл айтамыз.

«Дос-Мұқасан» ұжымы»

Harper`s BAZAAR Kazakhstan редакциясы Ақжол Мейірбековтің отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @dos_mukasan_official

Поделиться: