Жұлдыздардың танымалдылыққа дейінгі кездері әрқашан да қызық. Әсіресе медиа тұлғалардың жанкүйерлері үшін. Олар кумирлерінің өнер жолын бастамай тұрған сәттерін жиі көргісі келеді. Harper`s BAZAAR Kazakhstan ұжымы шоу-бизнес өкілдерінің жастық шағына саяхат жасап, бүгінгі таңда қандай өзгеріске ұшырағанын ашып көрсетпек. Біздің «Жұлдыздар танымалдылыққа дейін және қазір…» яғни «до и после» айдарының кезекті кейіпкері – әнші, актриса Элизат Берікова.
Элизат Берікованың өнерде жүргеніне талай жылдан асты. Әнші алғаш рет көпшілікке продюсер Баян Алагөзованың «Лашын» тобы арқылы танылды. 2014 жылы құрылған гелзбенд үш қыздан құрылған еді.
«Лашын» тобынан кейін Элизат Берікова «Кеш YOU» ұжымында бірнеше жыл өнер көрсетті. Әншіліктен бөлек ол, актрисалықты да байқап көрген еді. Сондай-ақ, Элизат соңғы уақыттарда визажист ретінде өзінің бағын сынап жүр. Сұлулықты жан сүйетін Берікова, бетін әрлеп, күнделікті сұлу көрінуді жаны сүйеді. Сән салонының иесі де атанған бикеш, мінсіз болу жолында заманауи мүмкіндіктерді байқап көреді. Мәселен, кірпік өсіру, қасқа татуаж жасау және ботокс арқылы ерін үлкейту.
Автор. Гүлдана Мұқан. Фотосуреттер: Кейіпкердің жеке мұрағатынан.