«1+1=5»! Айсәуле Бақытбек үшінші мәрте ана атанбақ. Блогер әрі жүргізуші инстаграм парақшасында дәл осындай қуанышты жаңалығымен бөлісіп, оқырманынан сүйінші сұрады. Медиа тұлға тіпті теңіздің жағасынан ерекше контент әзірлеп, арнайы фотосессия жасаған. Айсәуле бүгінде болашақ сәбиінің қыз немесе ұл екенін біледі. Баян Алагөзованың тұңғышы Түркия елінде жақындарының жанында gender party өткізіп қойған екен. Еске салсақ, Айсәуле күйеуі Әлішермен бірге қазіргі таңда Сафия және Сәтті есімді 2 ханшайым тәрбиелеп отыр.


Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @aissaulebakytbek Автор. @_kusherbaev_

Поделиться: