RaiM бүгінде Қазақстанның түкпір-түкпірін аралап жеке ән кешін өткізіп жүр. Музыкант бірнеше айға созылатын гастрольдық тур жасап, тыңдармандарын қуантуда. Өнерпаздың концертінде өнері ғана емес, жеке өмірі де талқыға түсті. Мәселен Райымбек соло кешінде жары Ерке Есмаханға қалың көпішілік алдында сезімін білдірді. Дәл осы сәт TikTok желісінде лезде тараған. Онда RaiM: «Ерке мен туралы ештеңе айтпа деген, бірақ, мен айтамын. Сені қатты жақсы көремін!», — деп жар салды.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram.