Ерлер нумерологиясы кез келген ер адамның мінез-құлқы мен жасырын қырларын ашуға мүмкіндік береді. Себебі туған күн саны қасиетті мәнге ие.

1 саны

Туа біткен көшбасшы, ол адамдарды өз айналасына жинап, соңынан ерте алады, ұйымдастырушылық қабілетке ие. Мұндай ер адам әрдайым өз пікіріне адал болып, көзқарастарын қорғай алады. Кемшілектеріне келсек, кейде шындықты әсірелеп айтуға бейім.

2 саны

Алғашқы әсерде мұндай адамда ер мінез жетіспейтіндей көрінуі мүмкін. Бірақ бұл олай емес. Оның романтикалық табиғаты, суық санасынан басым түсіп тұрады.

3 және 30 саны

Жұмсақ, нәзік, тіпті кейде сәнқой болып келеді. Сондықтан қалыпты еркектік стандарттарға сай болмауы мүмкін. Дегенмен әйелдер мұндай жігітпен өздерін өте жайлы сезінеді, өйткені оның көңіл бөлуі мен қамқорлығы ерекше. Алайда оның бұл қасиеті оны материалдық пайда іздейтін әйелдерге тартымды етіп көрсетуі мүмкін.

4 және 31 саны

Ерлер нумерологиясы мұндай жігіттерді меншіктеп алуға бейім деп сипаттайды. Бірақ олар өз отбасылары үшін жауапкершілікті мойнына алып, жақындарының ештеңеге мұқтаж болмауын қамтамасыз етуге тырысады. Бірақ олар ымыраға келу және келісімге бару тұрғысынан біраз қиындықтарға тап болуы мүмкін.

5 және 23 саны

Ақыл-ой деңгейі жоғары ер азаматтар. Сондықтан көп жағдайда мұндай жандарға жиі кеңес алу үшін жүгінеді. Олар өзідеріне ұқсас адамды жанынан көреді, өйткені жеңілтек әйелдер олардың назарында тек қысқа мерзімді қызық ретінде қала береді.

6 және 24 саны

Өте тартымды, ішкі магнитизмі бар ер адам. Қоршаған орта кейде әйелдердің оған неге сонша қызығатынын түсіне бермейді. Бірақ жас кезінде қызқұмар болғанынан, әйелдер ортасында көп уақыт өткізгеннен болуы мүмкін.

Ерлер нумерологиясы: оның туған күн саны ол туралы не айтады?

7 және 25 саны

Бір орнында тұрмайды. Оның экстремалды хоббилері көп, саяхаттауды жақсы көреді және мансап жолында үнемі алға ұмтылады. Кемшілігі – шектен тыс эмоционалдылық, кейде тіпті ашушаңдыққа жақын болуы мүмкін.

8 және 26 саны

Адал әрі әділетті ер адам, ол авантюралар мен интригалардан аулақ жүреді. Шешім қабылдағанда тек логикаға сүйенеді. Тек қарым-қатынаста салқынқанды болуы мүмкін.

9 және 27 саны

Оның өмірлік құндылықтары басқалардан өзгеше. Ол әрдайым өз жолымен жүргенді жөн санайды. Көбінесе ішіне үңіліп, әр қадамын қайта бағамдап жүреді. Әйелдерге күмәнмен қарап, ұзақ уақыт бойы оларды бақылап, танып-білуге тырысады. Сондықтан көбінесе жалғыз жүреді.

10 және 28 саны

Әрдайым ыңғайсыз жағдайлардан көңілді шығып кете алатын адам. Бір сөзбен айтқанда – тағдырдың сүйіктісі. Бірақ кейде мұндай ер адамдар өз сәттіліктерін тәуекелді ойындар мен күмәнді авантюраларда сынап, кармасын бұзып алады. Соның салдарынан бір сәтте сәтсіздікке ұшырап, жеңіліс табуы мүмкін.

11 және 29 саны

Нағыз секс-символ: мінсіз дене, ер мінез, ішкі дүниесі мықты. Оны басқалардан ерекшелендіретін қасиеттер – жомарттық пен тектілік. Бірақ юойындағы агрессия толқындарын басқаруда қиындықтарға тап болуы мүмкін.

Ерлер нумерологиясы: оның туған күн саны ол туралы не айтады?

12 саны

Өнерге деген тума таланты бар. Шығармашылық жандармен жоғары деңгейдегі тақырыптарда әңгіме-дүкен құру оған әрдайым қызықты. Алайда данышпандықпен қатар депрессивті көңіл-күй оның табиғатына тән. Сондықтан ол өзін шабыттандыратын әйелді іздейді.

13 саны

Мұндай ер адам адамдар өзіне магнитше тартады да тұрады. Оның батылдығы мен шытырман оқиғаларға деген құштарлығы кез-келгенді еліктіреді. Бірақ мұңға бейім әйелдерге бұлардан аулақ жүрген жөн, өйткені олардың өмір ырғағы тым бөлек.

14 саны

Жүрегі мейірімді әрі жұмсақ ер адамы. Ол асықпай, бәрін мұқият тексеріп үйренген. Спонтанды және шұғыл шешімдер қабылдау оған қиын және жат. Сондықтан одан сақина күтіп бірнеше жыл күтуге тура келеді.

15 саны

Ақша мен билікті, байлықты жақсы көреді. Төсекте – нағыз азғырушы. Ақыл-ойы өткір, сөзге жүйрік. Әйелдерге мұндай ер адамның манипуляция жасау қабілетіне дайын болу қажет.

16 саны

Қандай қиындық болса да, мұндай ер адамды ешнәрсе сындыра алмайды. Оның арқасы – тас қамал, жанында өзіңді қауіпсіз сезінесің. Сондықтан ол әйелден өзіне сенімді серіктес іздейді. Бірақ өте қырсық болуы мүмкін.

Ерлер нумерологиясы: оның туған күн саны ол туралы не айтады?

17 саны

Топ ішінен ерекшеленіп, назарда болғанды жақсы көреді. Көбіне шығармашылық салаларды таңдап, танымалдыққа ұмтылады. Ерлер нумерологиясы оның өзіне деген сенімі тым жоғары екенін көрсетеді.

18 саны

Жоғары эмпатияға ие, адамдарға да, жануарларға да жанашыр. Сондықтан оған әрдайым сенуге болады. Ол – өте сезімтал және арманшыл, шын сүйе алатын жандардың қатарынан.

19 саны

Көшбасшылыққа қажетті барлық қасиеттерге ие. Көбінесе саясатқа қызығып, сол жолды таңдауы мүмкін. Жомарт, адамгершілігі мол. Қасында өзін толықтыратын серіктес әйелді көргісі келеді, ал ол таңдаған жары оның идеяларын қолдап отыруы керек.

20 саны

Терең ойлайтын, ақылмен әрекет ететін адам. Ол басқалардың шынайы болмысын бір қарағанда-ақ тани алады. Өтірік пен айлакерлікті жек көреді. Бірақ кейде жақындарына өз шарттарын қоя отырып, оларды басқаруға бейім.

21 саны

Достыққа ашық, кеңпейілді, толерантты тұлға. Өзіне жақын адамдарын өзгертуге тырыспайды, оларды бар болмысымен қабылдайды. Сондықтан мұндай ер адаммен қарым-қатынас тұрақты және тыныш болады.

22 саны

Барлық нәрседе әртүрлілікті жақсы көреді: жұмысында, хоббиінде, төсекте. Өте білімді, кез келген тақырыпта әңгімелесе алады. Бірақ оған үнемі оны авантюралар мен ойланбай жасалған әрекеттерден қорғайтын адам керек.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Аударған. Қорлан Тұрсынбекова. Фото. Мишель Енг.

Поделиться: