Соңғы күндері желіні шулатқан Ерке Есмахан мен Raim мұсылмандық некелерін қиды! Таяуда ғана көңіл қосқандарын көпшілікке жария еткен жұлдызды жұп, жасырын түрде шаңырақ көтеріп үлгерген. Қос ғашықтың жағымды жаңалығын айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева инстаграм парақшасында эксклюзивті түрде жариялады. Ал, Райм Instagram stories-ында мұсылмандық неке куәлігімен бөліссе, Еркенің күйеуіне жүрек тебірентерлік жазба қалдырды.
“Бақ тілеп біреу сүйінді.
Ғайбаттап біреу күйінді…
Адамды Алла қоспай ма,
Кім ұқсын менің күйімді.
Батыстан ұшқан аққу ем,
Батыстан таптым үйімді.
Ақ мешітінде Оралдың,
Ақ некеміз қиылды…
Алладан алған сыйымды.
Хадиша салған жолменен,
Басыма бақыт бұйырды…”
“Осы жағдай біздің арамыздағы, сыйластық, сенім, махаббат, қолдау-қорғау, құштарлық сезімдерінің бәрін одан сайын күшейтті!”
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram.