Ayau-дың «basqany :(» әні қайтадан трендте! Әншінің дәл осы трегімен голливуд жұлдызы Ева Лонгория инстаграм парақшасына видео жүктеді. Әйгілі «Отчаянные домохозяйки» телехикаясындағы Габриэль Солис кейіпкерімен танымал актриса ерекше кешкі асынан reels салып, оны біздің отандасымыздың туындысымен өңдеген. Еске салсақ, «basqany :(» композициясын Ayau, M’Dee және Shiza бірігіп орындаған.

Өзінің авторлығымен жарық көрген әнді Евадан көрген Ayau-дың қуанышында шек жоқ. Әнші: «Әлі сенбей жатырмын, түсім бе өңім ба деп таңқалып тұрмын. Достар бұл қалай сонда», — деп эмоциясымен бөлісті.

Видео бірнеше сағатта 255 мың қаралым жинаған. Ал Ева Лонгорияның аккуантында 9,9 миллион фолловер бар.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @ayaumusic

Поделиться: