Димаш Құдайбергеннің атын жамылып, қитұрқы ойларын жүзеге асырмақ болғандар табылды. Кибер қарақшылар Facebook, Instagram әлеуметтік желілері арқылы тікелей эфирде Димаштың фотосын қолданып, қарапайым халықты алдау арқылы ақша жинаған. Алаяқтар интерактивтік ойындар және лотерея деп оқырмандардан қаржы жіберуін сұраған. «Ешқашан лотерея ойнатып ақша тапқан емеспін! Осыған орай, Димаш жеке парақшасына арнайы видео үңдеу жолдап, көпшіліктің алданып қалмауын және сақ болуын сұрады.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram