Таяуда ғана сырғалым атанған Фариза Ескермес үйлену тойының алдында қызойнақ жасады. Актриса hen party шарасына өнердегі және өмірдегі жақын құрбыларын шақырған. Қалыңдық атаулы күнді үнді стильінде ұйымдастырған.

«Сари 25 келі болды. Оған қоса әшекей бұйымдардың өзі де 5 келідей болады. Ал менің салмағым небәрі 45 келі. Денем көгеріп қалды. Нәзік денем мұндай ауырлыққа шыдамады. Бірақ соған тұрароықтай болды. Бәрі сондай әдемі болып келді. Өзімді Үндістанда жүргендей сезіндім», — деп актриса өзінің инстаграм парақшасында шараның қызықтарымен бөлісті.

Қалыңдық пен қатар қыздардың барлығы дресс-код ұстанып, үнді стильінде киініп келген. Меймандар арасында Балжан Бидаш, Жазира Еркін, Ұлболсын Шалқарова мен Айдана Сахари сынды өнер өкілдері бар.


Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @fariza_yeskermes

Поделиться: