Жәния Джуринская алаяқтардың құрбаны атанды. Кибер қарақшылар актрисаның телефон нөмірін бұзып, оның атынан қарыз сұраған. Өнер иесі бұл туралы өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
«Менің телефон нөмірімді бұзып алды. Алаяқтар менің атымнан қарызға ақша сұрап, бәріне жазып жатыр. Ешкімге ақша жібермеңіздер. Бұлар – алаяқтар. Маған хабарласпаңыздар. Қазір бүкіл Қазақстаннан хабарласып жатыр. Нөмірімді ретке келтіріп жатырмын», – деп Жәния Джуринская таныстарын алаяқтардың құйтұрқы әрекетінен барынша сақтап қалмақ.
Алайда Жәния арқылы қыруар қаржы жымқырғысы келген алаяқтар діттеген мақсаттарына жетпеді. Актриса жақындарына барынша жылдам хабар жеткізіп үлгерген. Соның арқасында кибер қылмыскерлер ешқандай пайда көрмеген. (Page)
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @djurinskaya