Психологтар соңғы уақытта эмоциялық күйзеліс пен менталдық аурулардың көбейгеніне ерекше назар аударуда. Бүгінде әр төртінші адамның психологиялық жағдайы нашарлап барады. Бұған таңғалуға болмайды, өйткені жақсы өмір сүруге деген ұмтылыс көпшілікті өз денсаулығы мен ішкі жай-күйін елемеуге итермелеуде.
Мысалы, соңғы рет аспаздық шеберлік сабағына қашан қатысып едіңіз немесе телефоныңызды 6 сағатқа сөндіріп қоюға қашан мүмкіндік бердіңіз? Ал жақындарыңыз үшін ең ыңғайлы жағдайды жасап жүргеніңіз анық.
Біз сізге күнделікті орындауға болатын 20 пайдалы әдетті ұсынамыз. Осының барлығы – өз-өзіңізді жақсы көру үшін!
1. Ұйқы режимін реттеу
Бұл – өмірдің барлық саласына әсер ететін ең маңызды әдеттердің бірі. Ми мен дененің толыққанды демалуына мүмкіндік беріңіз, оларды артық ақпаратпен немесе іс-әрекетпен шамадан тыс жүктемеңіз. Белгілі бір ұйқы уақытын бекітіңіз және одан ауытқымауға тырысыңыз. Ең бастысы – төсекте смартфон ұстамаңыз!
2. Дұрыс тамақтану

Алдағы демалыста сауатты азық-түлік қорын жасауды жоспарлаңыз. Диетаңызда пайдалы микроэлементтерге бай тағамдар болуы тиіс: көкөністер, жидектер, балық, жаңғақтар, дәнді дақылдар және т.б.
3. Тамақтану режимін сақтау
Өзіңізге арнап арнайы “алтын сағат” белгілеңіз. Бұл уақытта жұмыстан немесе басқа істерден алаңдамай, тамақтануға уақыт бөлу маңызды.
4. Демалыс жүйесін құру
Күнделікті кестеңізге шағын сапарларды қосыңыз. Мысалы, үйден тыс жерде таңғы ас ішу, туыстарыңызға бару немесе табиғатта серуендеу.
5. Спортпен айналысу
Таңертең жүгіру немесе спортзалға бару сізге ұнамаса, балама спорт түрін таңдаңыз. Себебі спорт тек дене пішінін сақтау үшін ғана емес, сонымен қатар психикалық жай-күйді жақсартуға да қажет.
6. Хош иістерді пайдалану

7. Өзіңізді күн сайын тану
Ішкі қажеттіліктеріңізге уақыт бөліңіз. Не істегіңіз келеді? Не жегіңіз келеді? Нені көргіңіз келеді? Осы сұрақтарға еш қысылмай жауап беріңіз.
8. Медитация жасау
Өзіңізбен ішкі диалог құруды үйреніңіз. Бастапқыда күніне 10 минут қана тыныш күйде болу жеткілікті.
9. Кітап оқу
Кітап оқу ми қызметін жақсартады және шексіз ойлау қабілетін дамытады.
10. «Жоқ» деп айтуды үйрену

Өз қажеттіліктеріңізді құрбан етпеңіз. Біреудің өтініші сіздің жоспарларыңызға қайшы келсе, батыл түрде бас тартыңыз.
11. Серуендеу
Таза ауада серуендеу ми қызметін қалпына келтіруге көмектеседі.
12. Жақсылық жасау
Басқаларға шынайы көмек көрсету сіздің ішкі қанағат сезіміңізді арттырады.
13. Би билеу

Кәсіби хореография сабағын алудың қажеті жоқ. Жай ғана сүйікті әніңізді қосып, еркін қимылдаңыз.
14. Өзіңізді бақытты сезіну
Өзіңізді күні бойы бақытты сезінуге үйретіңіз. Өмірдегі бақытты сәттеріңізді есіңізге түсіріңіз және оларды қайталауға тырысыңыз.
15. Өзіңізді еркелету
Бұл ең жағымды әдеттердің бірі. Массаж, бет күтімі, сүйікті кофе – кез келген майда-шүйде өзіңізді бақытты сезіндіре алады.
16. Күлу
Күлкі стрессті төмендетеді және өмірді жеңілдетеді.
17. Жануарлардың сүйкімділігін тамашалау

Ғалымдар милый жануарлар видеосын қарау мазасыздық деңгейін төмендететінін анықтаған.
18. Секс
Бұл әдетті қалыптастыру үшін міндетті түрде серіктес болудың қажеті жоқ. Өзіңізге ләззат сыйлаудың көптеген әдістері бар.
19. Құшақтасу
Адамның жылу мен жанасуды сезінуі – табиғи қажеттілік.
20. Диджитал-детокс
Күнделікті өмірде бірнеше сағатқа смартфон мен әлеуметтік желілерден ажырау – нағыз психологиялық демалыс.
Осы 20 әдетті күнделікті өміріңізге енгізіп, өзіңізге көбірек қамқорлық жасаңыз!
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Shutterstock.com.