Кәмшат Жолдыбаева өзін жаңа салада байқап көрмек. Тұрмыс құрып, сахнадан көрінбей кеткен әнші, йога маманы атанды. Эстрада жұлдызының талай жылдан бері спортқа қызығушылығы бар еді, алайда Кәмшат әйелдердің психологиялық, рухани және физикалық денсаулықтарына көмектесемін деп шешкен.

«Әйел адамға жұмсақтық тек мінезіне, табиғатына ғана емес, тәніне де жарасқан. Созылу амплитудасының жоғары болуы – дене жастығының бір көрсеткіші. Бізді нағыз әйел ететін, ол – гормондарымыз. Бір ғана фактор: стресстің өзі ағзамызға, соның ішінде гормондарымызға үлкен зиянын тигізеді. Содан неше түрлі аурулар туады. Осындай мәселелерді шешу үшін әйелдер гормоналды йогасының маманы атандым. Аллаға шүкір!

Ендігі мақсатым – білімді басқа да денсаулыққа қатысты жаттығулармен дамыту. Әйел адамдарға көмектесіп, қызмет еткім келеді», – деп инстаграм парақшасында йогадан процесс салған Кәмшат, фолловерлеріне осындай жаңалығын жеткізді.

Йога мамандағы Кәмшат үшін тек хобби ғана. Әнші бұл саланы шығармашылығымен қатар алып жүруге ниеттеніп отыр.

Сонымен қатар, эстрада жұлдызы психология саласына да бет бұрған.  

«Психология саласы – өмірімдегі келесі қадам. Жаңа саяхат, жаңа білім, жаңа зерттеу. Ең бастысы – өзімді тану. Сол арқылы Алланы танығым келеді. Менде ниет пен талпыныс бар. Нәтижені Жаратқанға тапсырдым», – дейді Жолдыбаева. Алдағы уақытта Кәмшат арнайы сабақтарын да бастайтын болады.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @kamshat__zholdybayeva

Поделиться: