Жылы маусым әрдайым өз ережелерімен ойнақы болып келеді. Оның үстіне, қазір Парижде сән апталығы өтіп жатыр, демек, сәнқойлар мен инфлюенсерлер әмбебап киім үлгілерін, соның ішінде кеңсеге де кие алатын түрлі образдарды көрсетуде. Көктемгі кеңсе стилі – бұл ұстамдылық пен нәзіктікті дәріптеу. Басқаша болуы мүмкін бе?!
Сәлем, Барби!




Барби дәуірі аяқталғанымен, сүйікті түс гаммамыздан толықтай бас тартуға дайын емеспіз. Цикламен түсті джемпер классикалық тренч пен джинсыға өте үйлесімді, әрі сәнді, әрі еркін образ бейнесі.
Миссис Смит




Костюмдердің дәуірі өтті деп ойлайтындар бар, бірақ бұл қате түсінік! Сарапшыларға сенсек, бұл тренд әлі де жаңа қырынан көрінуі керек. Оверсайз-жакетті белге қонымды блейзерге, ал кең шалбарды миди юбкаға ауыстырыңыз. Ұзын пішінді сөмке мен мюли де образды толықтырады.
Леопард эффекті




2025 жылдың басты принтін айналып өту мүмкін емес – бұл леопард! Егер жұмыста қатаң дресс-код болмаса, бейресми жұмада еркін стильге рұқсат етілсе, онда осы айқын акценттері бар образ дәл сізге арналған.
Кремді революция




Қыста ашық түсті киім кимеуге тырысқандар үшін көктем – қайта оралатын уақыт. Сүтті, кремді және жасмин түсті киімдермен стильді образдар жасаңыз. Белге қонымды жакет пен түзу пішімді шалбар үйлесімді көрініп, түрлі аксессуарлармен ерекше әсер қалдырады.
Преппи стилі




Поло мен кең миди-юбка – преппи стилін ұнататындарға арналған практикалық шешім. Кеңсеге арналған көктемгі киімдер әмбебап әрі ойнақы болуға тиіс, ал бұл образ сол талаптарға мінсіз сай келеді.
Мама-мафия


Mango


Үштік костюм – стильді әрі мағыналы образ. Сұр түстер әрдайым өзектілігін жоғалтпайды және тез жалықтырмайды. Оның үстіне, бұл костюмнің әр бөлшегін жеке-жеке киіп, басқа да сәнді образдар жасауға болады. Кең әрі ыңғайлы сөмке туралы ұмытпаңыз.
Тек қана былғары




Көктем толық орнамайынша, былғары күрте суықтан қорғайды әрі стильді образдар құрастыруға көмектеседі. Ақ шалбармен немесе джинсымен үйлестірсеңіз, күртенің жаңа қырларын аша аласыз. Егер образды осы материалдан жасалған басқа да элементтермен толықтырсаңыз, мінсіз сәнді образ пайда болады.
Мектеп кезеңі




Иә, бұл образ сәл мектеп стилін еске салады. Бірақ ол кезеңдегі сәннің не жамандығы бар? Қысқа юбка мен жейде – әрдайым үйлесімді әрі сәл ойнақы көрінеді. Оны тренч және сөмкемен толықтырсаңыз, іскерлік кездесулер мен тіпті романтикалық кештерге арналған стильді әрі әмбебап образ шығады.
Harper’s BAZAAR ұсынған мақаланың түпнұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыз.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Қорлан Тұрсынбекова. Источник заглавного фото. Spotlight. Фото. Пресс-офисы марок.