Таяуда ғана алғаш рет ата-ана атанатындарын мәлімдеп, eagles-ды қуантқан «Ninety One»-дық  Alem мен жары Вероника Жанғалова gender party жасады. Қос ғашық бұл рәсімді 2 рет өткізген: бірі – жақын достары үшін, екіншісі – ата-аналарына арнап. Сондай-ақ, Батыр мен Ника қосылғалы 4 жыл өткен соң, құдалық той жасады.

Ал болашақ сәби — ұл. Жас ата-анаға оқырман желіде құттықтауларын жаудырды.

Видео. TikTok @sr_eaglez91

Сондай-ақ, Қостанайда қос ғашықтың көптен күткен құдалық тойы өтті. Жас жұбайлардың құрметіне жасалған шараға екі жақтың туысқандары ғана қатысқан. Еске салсақ, Батыр мен Вероника отбасылық өмірлерінен 4 жыл өткен соң, биыл қаңтар айында ғана ресми некелерін қиған болатын.

Видео. TikTok @dobryag1m


Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @_zhangalova

Поделиться: