«Ирина Кайратовна» тобының талай бейнебаянын таспалаған режиссер Қуаныш Бейсеков таяуда шаңырақ көтеріп, инстаграм парақшасында оқырмандарынан сүйінші сұраған еді. Клипмейкер актриса Ғазиза-Таңшолпан Тілеубаймен мұсылмандық некесін қиған сәтімен бөліскен-ді.
Жұлдызды жұп 7шілде күні үлкен тойды да жоспарлап қойған болатын. Алайда жас жұбайлар белгілі бір себептерге байланысты тойдан бас тартқан. Тіпті, Кука мен Ғазиза ажырасып кетті деген қауесет әлеуметтік желіде тарап кеткен. Жұп жеке парақшаларында бір-бірінің фотосуретін өшіріп тастаған. Әзірге Қуаныш та, Ғазиза да бұл ақпарат жайлы ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Еске салсақ, Ғазиза-Таңшолпан Тілеубай актер Ербол Семкұловтың экс-жары. Олардың бүгінде Эльтерес есімді ортақ ұлы бар.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @kukabeisek