Шай мен кофені жақсы көретіндер арасындағы пікірталастар ғасырлар бойы толастар емес. Әрбір сергітетін сусынның артықшылықтарын таразылай отырып, BAZAAR Kazakhstan редакциясы қайсысы пайдалырақ екенін анықтауға тырысты.

Ғылыми зерттеулер екі сусынның да ми қызметіне оң әсер ете алатынын көрсетті. Себебі шай мен кофе құрамында кофеин бар, ал ол энергия мен сергектік сыйлайды. Сонымен қатар, кофеинді қалыпты мөлшерде тұтынатын адамдар қант диабеті, жүрек-қан тамырлары аурулары, нейродегенеративті дерттер, сонымен қатар тоқ ішек, жатыр және бауыр қатерлі ісігі сияқты ауруларға шалдығу қаупін азайтады.
Айта кету керек, кофе құрамында полифенолдар мен антиоксиданттар бар, олар ағзадағы қабыну процестерінің алдын алады. Алайда кофенің сергітетін әсері тез өтіп кетеді, бұл бізді тағы бір шыныаяқ кофе ішуге итермелейді. Ал шай болса, әлдеқайда жұмсақ, бірақ ұзақ уақытқа созылатын әсер береді.
Осылайша, кофе мен шай антиоксиданттық, ісікке қарсы және қуаттандыратын қасиеттерге ие. Демек, бұл екі сусын арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ – дәм ерекшелігін есептемегенде.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Shutterstock.