Мадина Сәдуақасова өзіне хейт жазатын жандарға жауап берді. Эстрада жұлдызы осы уақытқа дейін кереғар пікір қалдырған фолловерлерді назарына алмауға тырысқан. Алайда әнші шыдамның да шегі бар деп, оқырмандарына үндеу жолдады.
«ХЕЙТЕРЛЕРГЕ ЖОЛДАУ !!! Дәл қазір, мен өзіме бір рет болса да жағымсыз комментарий жазған жандарға сұрақ қойғым келеді: «Не үшін жағымсыз пікір жаздыңыз? Мадина осы уақытқа дейін біреуіне де кері жауап қайтармады, тіпті, блокқа да қоймайды», — деп, тоқтамай, пачкілеп жазатындар бар, жылдап (еті үйреніп кеткен-ау) Құрметті менің негативщик-хейтерларым, өміріңіздегі сәтсіздіктерге, ашуыңызға әнші Мадина Садуақасованың еш қатысы жоқ! Соның бәрін Сізді ренжіткен адамға айтыңыз, жеңілдейсіз! Немесе бұл жаман әдетті қойып (маған негатив жазуды ) немесе отписка жасап, басқа жертва * табыңыз!!! Ал мен, өзімді қолдайтын, шығармашылымды жақсы көретін, құрметтейтін, жаны ашитын, мейлі, кейде, дұрыс сын (негатив емес) айтатын жақсы адамдармен өмірде қалғым келеді. Кім айтты Инстаграм өмір емес деп ! #меняюмирвокругсебя», — деп Мадина өзінің тарапына жазылған сын мен кереғар пікірден шаршағанын ашып айтты.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @sadvakasovamadina