Мақпал Исабекова инстаграм парақшасында оқырмандардың көкейіндегі сұрақтарға жауап берді. Декреттік демалыста жүрген әнші соңғы кездері белсенділігін азайтқанын мойындап, соның орнын толтырмақ. Әншіге қойылатын жиі сауалдардың бірі: «Неге өнердегі әріптестерімен араласпайды?». Мәселен, фолловерлердің бірі: «Сізді неге Әсел Сәдуақасованың тойына шақырмады?, — деп Мақпалға сұрақ қойған.

«Сіз неге анаумен сөйлеспейсіз? Мынаумен неге достық қарым-қатынаста емессіз? Олармен араласпайсыз ба? Ұрысып қалдыңыздар ма?» деген сынды сұрақтар өте көп. Менің біреумен дос болсам, оны әлеуметтік желіге салып, дәлелдемеймін. Иә, мен сыртқа жиі шықпаймын,  адамдармен араласуым сиреп кетті. Бұған дейін де желіде белсенді емес едім. Менің кішкентай балам бар және мен оған керекпін. Өтініш, бәрін бір қалыпқа салуға тырыспаңыздаршы. Шынайы достықта ол адамның әрдайым сенің жаныңда екенін білесің. Ол тіпті алыста болса да біз хабар алысамыз. Ол адаммен кез келген уақытта тілдесе аламын. Менде жағдай осындай», – деп Макосяй жекесіне жазылатын сұрақтарға жауап беріп, осындай тақырыптарға нүкте қоймақ.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @makosyai Автор @rrbbitson

Поделиться: