Марқұм музыкант Darkhan Juzz-дің көзі тірісінде бітіре алмаған альбомы жарық көрді. Талантты өнерпаздың соңғы әндерінен құралған жинақ «Aue» деп аталады. 14 тректен құралған үнтаспа рэпердің шығармашылығындағы екінші еңбегі. Ондағы басты тректердің бірі – «Qubylmaly» туындысы. Альбомды музыканттың өнердегі достары мен әріптестері бірігіп ұсынып отыр.

Еске салсақ, Darkhan Juzz осы жылдың 24-ақпанында Таиланд аралдарының бірінде жол апатынан көз жұмған еді. Сондай-ақ жаңа альбомның тұсауы бақилық болған рэпердің туған күнінде кесілді. Музыкант тірі болғанда 32 жасқа толар еді…


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @d.juzz

Поделиться: