Harper’s BAZAAR Қазақстан редакциясы «Мен туралы беймәлім 5 факт» атты жаңа материалдар топтамасын шығарды. Бүгін Тәуекел Мүслім өзіне жаңаша көзқараспен қарауға көмектесетін жеке әңгімелерімен бөліседі.

 Тәуекел Мүслім

1. Компьютерлік ойындардың кесірінен Жаңа жыл кешті өткізіп ала жаздадым

Мен компьютерлік ойындарды, әсіресе стратегиялық ойындарды жақсы көремін. Мектептке оқып жүрген кезім, 31 желтоқсан күні ұйқыдан тұрып,  таңғы ас іше ала бірден ойынға кірістім. Үйде мерекеге қызу дайындық жүріп жатқанда мен күні бойы компьютерде отырдым. Содан 23:50-де ғана тұрғаным есімде. Қаншалықты қызығушылықпен ойнағанымды осыдан пайымдай беріңіз. Сөйтіп, Жаңа жылдық кешті өткізіп ала жаздағанмын.

2. Мен бұрын өте ұялшақ едім

Анамның құрбысы қонаққа шақырғанда, мен оның үйіне бірінші келуге ұялатынмын. Бірнеше рет мен анамнан бірінші келіп, оны күтіп отырғаным есімде. Өйткені, мен сабақтан кейін, ал анам жұмыстан кейін баратын.

Ал анамның үйде бар-жоғын тексеру үшін терезеден сығалап қарайтынмын.  

3. Биыл парашютпен секірдім

Бұл туралы ылғи армандайтынмын. Бірақ жақында ғана шешім қабылдап, ойлаған ісімді жүзеге асырдым. Бір қызығы, мұны қалай істегенім есімде де жоқ. Не болып жатқанын тек ұшу кезінде ғана ұқтым. Керемет әсер алдым. Өте қызықты болды!

4. Мені Парижде тонап кетті

Мен кафеде отырғанымда қолында жазуы бар жас жігіт көмек сұрап келді. Ал мен оны мұқият тыңдап отырғанымда, үстел үстінде жатқан әмиянымды осы белгімен жауып, ептілікпен тартып алған. Оның ішінде менің бар ақшам болатын. Бір қуантарлығы, төлқұжатым өзімде болды. Өйткені, оны басқа жерде сақтағанмын.

5. Бойымның ұзын болғаны бір кездері ұнамайтын

11 сыныпты бітіргеннен кейін мен тез өсе бастадым. Мектепте менің бойым 180 сантиметр болатын, ал университеттің бірінші курсында 194 болдым. Маған бұл ұнамады, өйткені мен арық едім. Сондықтан мен аздап төмен көріну үшін, әдейі еңкейіп жүретінмін. Маған төбелері төмен болатын қоғамдық көлікте де жүру ыңғайсыз болды. Бірақ кейін мен ұзын болу керемет екенін түсіндім. Өйткені, оның көптеген артықшылығы бар.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram.

Поделиться: