«Зейiн неге Оқапов? Неге Тасқын емес? Мәди неге Рымбаев?» — дәл осындай сұрақтардан шаршаған Әли Оқапов инстаграм парақшасында оқырмандарына жауап берді. Еске салсақ, әнші тұңғышы Зейінге өзінікіндей «Оқапов» тегін берген еді. Бір қызығы, Әлидің туған інісі Мәдидің фамилиясы «Рымбаев». 

«Шынымды айтсам мен өз басым өмірімде үш рет фамилиямды өзгерткенмін. Себептер болды. Олармен бөлісу артық деп санаймын. Әр үйдің сыры бөлек дегендей, біздің де көпшіліктің алдында өз ақпараттық шекараларымыз бар. Ішкен жегенімізге дейін көрсетіп, жеке өміріміздің үтір нүктесіне дейн жария еткізіп, өмірімізден реалити шоу жасағымыз келмейді. Ондай деңгейдегі шоулар теледидарда толып тұр, көрермен жетеді. Ал біз өз шешімдерімізді бөтен пікірсіз ақ бекіте аламыз. Неге Оқапов? Неге Рымбаев? Солай шештік. Солай дұрыс деп санаймыз. Яғни себеп бар. Қалғаны маңызды емес. Түсінесіздер деп сенеміз. Ең бастысы бақыттымыз», — деп түсіндірді Әли Оқапов.

Бұрын-соңды жеке өмірін жұрт көзінен тасада ұстайтын музыкант, бүгінде желіде белсенділік танытып, жанұясын жиі көрсетіп жүр.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @aliokapov

Поделиться: