20 наурыз — Көктемгі күн мен түннің теңелу күні, яғни бұл ғылыми тұрғыдан көктемнің астрономиялық басталуы саналады. Бұл кезде күндізгі уақыт ұлғайып, түнгі уақыт қысқарады. Алайда бұл оқиғаның терең сакралды мағынасы барын да ұмытпау керек. Осы кезеңді белгілі бір ережелерге сай өткізу маңызды, сонда ғана өміріңіз жақсы жаққа өзгере бастайды.
Күн мен түннің теңелуі — Жер шарындағы ерекше астрономиялық құбылыс, жылына екі рет: көктемде және күзде болады. Бұл күндері күн мен түннің ұзақтығы теңеседі — яғни, жер шарының барлық нүктесінде жарық пен қараңғылық шамамен 12 сағаттан тұрады.

Көктемгі және күзгі теңелу
1. Көктемгі теңелу — наурыздың 20–21-і күндері болады. Бұл күн көктемнің ресми басталуы саналады. Түркі халықтары бұл күні Наурыз мейрамын тойлайды.
2. Күзгі теңелу — қыркүйектің 22–23-і күндері өтеді, бұл күздің ресми басталуы деп есептеледі.

Мәдени және рухани маңызы
Күн мен түннің теңелуі ежелден адамдар үшін жаңару мен үйлесімнің символы. Әртүрлі халықтарда бұл күн жаңа жылдың басы, табиғаттың ояну кезеңі ретінде ерекше аталып өткен. Қазақстанда Наурыз мейрамы — күн мен түннің теңелуіне арналған басты мерекелердің бірі.
Көктемгі күн мен түннің теңелу күнінде не істеу керек?
Ойларыңызға назар аударыңыз. Үнсіз күйзеліс пен жағымсыз ойларға жол бермеу маңызды. Бұл күн алдағы бір жылдағы оқиғаларды бағдарлайтын ерекше күшке ие екенін есте сақтаңыз. Сондықтан ішкі күйіңізді позитивке бағыттап, жақсы көңіл-күй қалыптастыра алсаңыз – бұл өте пайдалы болмақ.
Автор. Қорлан Тұрсынбекова. Фото. Анастасия Анишева.