Атышулы «Дәстүр» фильмнінің бас кейіпкері Ермек Шынболатов шаңырақ көтерді. Актер үйлену тойын дүркіретіп 350 мейманға атап өтті. Қуаныш Бейсек ұсынған хоррор арқылы танылған Ермек сүйіктісін тойға дейін жасырын ұстаған еді. Салтанатты рәсімде кино жұлдызы көпшілікке ресми түрде болашақ жарын таныстырды. Ермектің таңдауы – шырайлы Шымкенттің сұлу қызы. Есімі – Гүлбала Әлен. Ғашықтар әлеуметтік желі арқылы танысып, 7 ай бойы көңіл жарастырған. Шынболат-тегі осы уақыт аралығында ұнатқан аруын небәрі 17 рет ғана көрген. Бірақ ол шынайы махаббатқа еш кедергі емес дейді, — Ермек. Олай болса жас жұбайларға баянды бақыт тілейміз.
Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @ermek_shinbolatovv