Жас жұбайларда алғашқы неке түні жыныстық қарым-қатынасқа міндетті түрде түсуі керек принцип бар. Тіпті, олар той күні ойын-сауық құрып, мерекелік кеште қатты шаршап қалғандарына да мән бермеуі мүмкін. Энергиясыз қалса да, үйленген түні міндетті түрде жыныстық қатынасқа түсуіміз қажет деп санайтындар да аз емес. Алайда, кәсіби сексолог мамандар бұл оймен еш келіспейді, эксперттердің кеңесі мынадай:
Жаңадан құрылған жас отбасы өзгелердің пікіріне ермеуі қажет. Өзіңіздің партнеріңізбен интимді сәтті қалап тұрсаңыз, мүмкіндікті жіберіп алмаңыз, ал егер өзіңізді шаршаңқы сезінсеңіз және энергияңыз болмаса, күш қолданып өзіңізді қинаудың қажет жоқ. Бірден ашып айтайық – сіздерге неке түні бірден жыныстық қарым-қатынасқа түсудің қажеті шамалы.
Көптеген адамдар бұл рәсімге өте үлкен үміт артады, бұл шындыққа тура қарауға кедергісін келтіреді. Жаңа жұбайыңызбен жыныстық қатынасқа түсетін кезде екеуіңіздің де толқитындарыңызды жоққа шығармаңыз. Себебі, сіз назар аудармаған әрбір деталь, ең алғашқы әсерді құртуы әбден мүмкін.
Фото. Shutterstock. Автор. AimPix
Серіктесіңізбен алғашқы үйлену түні туралы алдын-ала сөйлесіп алуды ұмытпаңыз. Оны қалай елестетініңізді және барынша оң және теріс жақтарын есептеп, ортақ пікірге келіңіз.
Айтпақшы, мамандар «жақындықтың» басқа нұсқаларын ұсынады, мысалы, еркелету, сүйісу, құшақтау. Сіз сондай-ақ қол ұстасып ұйықтай аласыз немесе толығымен жалаңаш бірге жата аласыз (жыныстық астарсыз).
Бұл кеңестер некелерін қимай тұрып, жыныстық қатынасқа түсуден бас тартқандарға да қатысты. Әрине, мұндай жұптарға түскен қысымнан әлдеқайда қиын болуы мүмкін. Бірақ сарапшылар мереке аяқталғаннан кейін бірден жыныстық қатынасқа түспеу керек деп сендіреді. Сіз және сіздің серіктесіңіз күйеуіңіздің немесе әйеліңіздің «қалауы» туралы аз білетін шығарсыз, сондықтан мұндай маңызды қадамға уақыт бөлуге болады. Егер үйлену түнінде жыныстық қатынасты сәл кейінге қалдыру керек болса, көңіліңізді қалдырмаңыз. Бірақ сізде осы сәтке дайындалуға тамаша мүмкіндік болады.
Business Insider ұсынған материалдың түпнұсқасын мына жерден оқи аласыз.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото. Shutterstock. Автор. Ruvinska Tetiana.