Айлардың сұлтаны Рамазан айында тек қарапайым халық қана емес, отандық жұлдыздар да ауыз бекітіп, ораза ұстайды. Шоу-бизнес өкілдері тығыз күнтүзбе мен гастрольдық сапарларына қарамастан, Құдайдың алдындағы парызын өтеп жүр.
Ораза ұстаған жұлдыздар арасында — Айдана Меденова бар. Соңғы кездері орамалға келген әнші, бұл күнді асыға күткенін инстаграм парақшасында айтқан еді. Бүгінде өнерден алшақтап, дін жолына түскен Меденова, бизнес саласына бет бұрған.
Айдана сынды, хиджабқа келген Алтынай Жолдыбаеаваның да аузы берік. Экс-әнші оразаны жыл сайын ұстауға әзір. Алтынай тіпті желіде оқырмандарын түзу жолға түссін деп, білген ақпаратымен бөлісіп отырады. Сондай-ақ кіші Жолдыбаева Меккеге баруын жиілеткен.
Кәмшат Жолдыбаева күйеуі Ғазрет Қажымұқановпен бірге ауыз бекіткен. Әнші әрі актрисаның желідегі контенті де Рамазанға байланысты. Себебі, Кәмшат пен Ғазреттің парақшасынан өнердегі әріптестерімен бірге күнде ауызашарда жүргендерін байқауға болады.
Желі жұлдызы Әлия Бермұхамбетова да биыл ораза ұстаған. Fashion әрі travel бағытындағы блогер күнделікті ифтарын инстаграм парақшасына салып, оқырмандары алдында есеп беріп жүр. Сылқым, ауызашарда тек үйден ғана емес, қымбат мейрамханалардан тамақтануды әдетке айналдырған.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото. Instagram. @aliyah_bm. Автор фото: @baidarova.alua.