Биология пәнінің мұғалімі Никки Минаждың саунд-продюсері атанды! Мұндай жағымды жаңалықты отандық битмейкер өзінің инстаграм парақшасында мәлімдеді. Eraholic лақап атымен танымал музыкант әрі қарапайым ұстаз әйгілі рэпердің «Pink Friday» 2 альбомының делюкс-нұсқасының жазылу процессіне атсалысқан. Абай облысының тумасы Ерқанат Садуханов үлесін қосқан жинақ 13-желтоқсан жарыққа шықпақ. Үнтаспаға басы-қасы 10 трек енген. Нәтижесін асыға күтетін боламыз.


Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @eraholic

Поделиться: