Онлайн беташар! Айжан Байзақова инстаграм парақшасында алғаш рет күйеуінің жүзін көрсетті. Атышулы блогер жары жайлы ақпараттарды осы күнге дейін жасырып келген еді. Алайда сылқымның бұл жоспарына оқырмандар мен жақындары кедергі болған. Себебі, Байзақованың рұқсатынсыз, күйеуінің суреттері желіде тарап кеткен.

«Күйеуімнің фотосын пайдаланып, хайп жасауға тырыспаған адам қалмаған болар. Менен басқасының барлығы бәрін көріп, таратып, жария етті. Негізі біреуді жасырсаң, қызығушылық арта түседі. Сондықтан қызығушылықты бәсеңдететін кез келді… Біз де қарапайым адамбыз», — деп инстаграм парақшасында жазба қалдырған Айжан, жарының аккаутын да көрсетті.

Айжанның күйеуі — Арыстан Нұрбек есімді азамат. Спортты жаны сүйетін серінің жеке парақшасында алғашында 280 оқырман болса, Айжанның постынан кейін оқырмандар саны 40 мыңға дейін көтерілген.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram.

Поделиться: