Баян Алагөзова 51 жаста! Продюсер биыл туған күнін шетелде атап өтті. Нақтырақ айтсақ, Таиландтың Пхукет аралдарында тойлады. Мақсатқызы төл мерекесінде инстаграм парақшасында арнайы пост жариялап, өз-өзіне жүрек жарды тілегін де білдірді.

«Сәлем 51! Мен сені жақсы көремін Баяша сен үздіксің! Мен сені мақтан тұтамын және саған зор денсаулық, бақыт пен қуаныш тілеймін! Ең жақсы күйеуіңнің, керемет балаларыңның, туыстарың мен жақындарыңның махаббатына бөленіп жүре бер! Өз жолыңнан тайма, өзіңе адал бол!»

Баян Алагөзова үшін маңызды күнде жанынан жақындары табылды. Туған күнге Мақсатқызының отбасынан бөлек, өнердегі әрі өмірдегі құрбылары Динара Сатжан, Ғалия Байбосынова сынды медиа тұлғалар арнайы барған. Birthday party-ден контентті Динара Сатжан жеке парақшасында бөлісті. Кеште дәмді ас, әсерлі музыка және тәтті торт, бағалы сыйлықтар болған.


Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @bayanmaxatkyzy

Поделиться: