Жұлдыздардың танымалдылыққа дейінгі кездері әрқашан да қызық. Әсіресе медиа тұлғалардың жанкүйерлері үшін. Олар кумирлерінің өнер жолын бастамай тұрған сәттерін жиі көргісі келеді. Harper`s BAZAAR Kazakhstan ұжымы шоу-бизнес өкілдерінің жастық шағына саяхат жасап, бүгінгі таңда қандай өзгеріске ұшырағандарын ашып көрсетпек. Біздің «Жұлдыздар танымалдылыққа дейін және қазір…» яғни «до и после» айдарының кезекті кейіпкері – актер Санұржан Сүлейменов.

Санұржан Сүлейменов нағыз кино жұлдызы. Актер 3 жасынан бастап модель болса, 10 жасында ауқымды жобада басты рөлді сомдап, үлкен киноға қадам басқан. Санұржанның жұлдызын жаққан дәл осы алғашқы фильмі — «Аңшы Бала». Төмендегі фотосуретте Сүлейменовтың модель болып жүрген сәті мен дәл қазіргі есейген шағын көре аласыз.

Санұржан көпшіліктің көз алдында өскен бала. Жыл сайын оның қатысуымен түрлі фильмдер жарық көрді. Тіпті ол телевизиялық талай жобалар мен жарнамалық роликтерден түспейтін.

Актердың кино мансабында 20-ға жуық толықметр мен 15-тен аса телехикаялар бар. Оның шығармашылық қоржынында тележүргізуші ретінде де бірнеше жоба және дубляж жасалған бірқатар анимациялық туындылар да кездеседі. Бүгінде ол музыка бағытына да бет алды. Мәселен, 2024 жылдың басында Санұржан «Shõl» атты трегін ұсынды. Ал, ендеше Санұржанға шексіз медиа салада, шектеліп қалма деп тілейміз!


Автор. Гүлдана Мұқан. Фотосуреттер: Кейіпкердің жеке мұрағатынан.

Поделиться: