Күні кеше тұрмысқа шыққан Әсел Сәдуақасова неке қию ресімінің қалай өткенін айтып берді. Актриса әрі кинопродюсер өміріндегі маңызды сәтті тым қарапайым етіп жасаса керек. Әсел тіпті күйеуі Мағжан екеуінің салтанатты сәттен кейін жұмыстарымен кеткенін жасырмады. «Бізді неке қию рәсімінен кейін тойлады деп ойлаған шығарсыздар, жоқ өкінішке орай әркім өз жұмысына кетті, үйде кешкісін ғана кездестік. Бірге фильм көріп, ұйықыға кеттік. Бірақ бұл сәтті алдағы уақытта атап өту жоспарымызда бар», — дейді Әсел инстаграм stories-ында.
Көптен күткен маңызды күнді Әселдің оқырмандары да асыға күткен анық. Оған қоса фолловерлер Мағжан мен Әсел үлкен той жасайды деп топшалаған еді. Еске салсақ, таяуда отау құрған RaiM мен Ерке Есмахан да қарапайым етіп некелерін қиған еді.

Фото: Instagram @asselsadvakassova
Әсел тұрмысқа шыққанымен күйеуінің тегін алмаған. Соңғы кездері коуч-мотиватор атанған актриса «әзірге өз тегімде қалдым, бірақ болашақта өзгертуге ниетім бар», — дейді.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @asselsadvakassova