Шакентидің енді басы бос емес! Актер соңғы кездері бейтаныс арумен папарации көзіне жиі түсетін болған. Тіпті оқырмандар Шәріп Серіктің жаңа ғашығының кім екенін анықтады. Мәселен Ösek-tösek телеграм каналында Шаконың сүйіктісімен түскен фотосы жарияланды.

Бикештің есімі – Әлия. Қос ғашық бүгінде табиғат аясында қыдыруды ұнатын көрінеді. Жұп инстаграм парақшаларына бір локациядан бірдей stories салып, фолловерлерін қызықтырып жүр. Еске салсақ, Шәріп Серіктің Say Mo-мен ажрысқалы бері жеке өмірі жайлы ешқандай ақпарат тарамаған еді. Актер әзірге кезекті махаббат хикаясын да ресми мәлімдеген жоқ.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @shakentii

Поделиться: