Көптеген қыздар серпінді бұйра шашты армандайтыны жасырын емес. Олар мұндай шаш ерекше күтімді қажет етпейді деп ойлайды. Алайда, бұл пікір — қате. Шын мәнінде, бұйра шаш тік шашқа қарағанда әлдеқайда «талғампаз» болып келеді. Себебі, кеуек құрылымы салдарынан шаш жиі құрғап, сырттай сау емес көрінуі мүмкін. Осы мақалада шаштың кеуектілігі деген не екенін және оның әсер қандай болатынын түсіндіріп өтеміз.

Шаштың кеуектілігі — шаш кутикуласының ылғалды, шаң-тозаңды, тіпті иісті сіңіру қабілеті. Мұндай құрылым тұқым қуалауы мүмкін, алайда көбінесе дұрыс күтім жасалмаған жағдайда немесе табиғи жағдайлардың кері әсерінен туындайды.

Мамандардың айтуынша, төмен кеуектілікке ие шаш сау болып есептеледі және химиялық әсерлерге төзімдірек келеді. Әдетте, мұндай шаш жылтырап тұрады және су тиген кезде ылғалды оңай сіңірмейді. Ал жоғары кеуектіліктегі шаш көбіне күңгірт, қолға қатты сезіліп тұрады және тез бүлінеді. Себебі, мұндай шаштың кутикуласы қатты ашылған күйде болады. Айта кетейік, бұл тип көбіне бұйра шашты адамдарда кездеседі. (https://portlanddentalimplants.com/) Сондықтан күтім жасау кезінде арнайы құралдар қолданған жөн. Олар шаштың шамадан тыс ылғалды сіңіруіне жол бермейді. Бұл әсіресе ылғалдылығы жоғары климатта өте маңызды. Сонымен қатар, мамандар шашты су кезінде тарамауға және фен мен үтік қолданудан аулақ болуға кеңес береді.

Шаштың кеуектілігін жылдам анықтау үшін, бір тал шашты стакан суға салып бақылауға болады. Егер шаш тез су түбіне түссе — кеуектілігі жоғары деген сөз. Егер шаш бетінде қалса — сіздің шашыңыз төмен кеуектілікке ие. Ал толығымен батпаса да, су бетінде қалқымаса — бұл сіздің шашыңыздың орташа кеуектілікте екенін білдіреді.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Аударған. Қорлан Тұрсынбекова. Фото. Shutterstock.

Поделиться: