Күн жылынған сайын сексуалды көрінуге деген сұраныс геометриялық прогрессиямен артып келеді. Демек, осы маусымда сәнқой қыздарға қажет басты нәрсе — көз тартарлық қысқа-белдемшелер. Дизайнерлер денеңізді барынша ашық көрсетуге кеңес береді, бірақ бұл әрине, өзіңізге ыңғайлы дәрежеде ғана болу керек. Бастапқы қадам ретінде тек аяғыңызды ашық көрсететін киімдерді таңдауға болады (айтпақшы, мұндай тәсіл күнге тез қыздырынуға көмектеседі). Бүгінде қысқа-белдемшені жемпірмен, блузамен, кардиганмен не толстовкамен киіп, үстінен плащ не тренч қосуға болады. Сондай-ақ мотоциклге арналған куртка, бомбер, ковбой етігі мен Мэри Джейн стиліндегі аяқ киімдермен тамаша үйлеседі. Бірақ ол міндетті нұсқа емес — стиль мен образ шектеусіз болуы да мүмкін.
Біз сіздерге осы маусымда басты акцентке айналатын әсерлі де айшықты қысқа-белдемшелер топтамасын ұсынамыз. Назар аударыңыз!

Abadia

Alexander McQueen

Courrèges

DESTREE

Elisabetta Franchi

Gucci

ISABEL MARANT

JW Anderson

LOEWE

Patou

Rabanne

ROTATE BIRGER CHRISTENSEN
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Қорлан Тұрсынбекова. Фото. Пресс-офисы марок.