«Төрт көзіміз түгел!» Тәуекел Мүсілім мен жары Махаббат Мүсілім кенже ұлдарының жүзін көрсетті. Үлгілі жұп инстаграм парақшаларында тұңғыштары Айтөре мен кенжелері Әмірмен бірге ерекше видео жүктеді. 

Жұлдызды жанұя бүгінде Араб Әмірлігінің астанасы Абу-Дабиде демалып жүр. Еске салсақ, Тәуекел мен Махаббат тұңғыштарын тек 1 жасынан кейін көпшілік алдына шығарды, ал бұл жолы жұп кенжелеріне 7 ай толған соң, жүзін желіге ашық жүктеп жүр. Ал, актердің оқырмандары «тұңғышы әжесінен, кенжесі әкесінен аумай қалған» , — деп жылы лебіздерін жаудырды.   


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @mahonti__

Поделиться: