Төртінші мәрте ана атанған Баян Алагөзова екі қызы жайлы ашылып сұқбат берді. Эксклюзив Мақсатқызының тұңғышы Айсәуле Бақытбекке тиесілі. Анасынан алдын ала уәде алып қойған екен. Баян Мақсатқызы Алима мен Алма ханшайымдарының қалай дүниеге келгенін, суррогат аналардың көмегіне жүгінгенін толығырақ айтып берді.
«Бізге суррогат ана арқылы балалы болуға ұсыныс айтқаннан кейін көп ойландық. Бірақ мен сол кезде-ақ: «Егер нәтижелі болып жатса, мен ешқашанда ол әйелмен кездеспеймін» дедім. Мен өте танымал адаммын. Болашақта ол маған немесе балаларыма тосынсый дайындамайтынына ешкім кепіл емес. Сондықтан ертеңімді ойлап, осындай шешім шығардым. Сол үшін біз арнайы «Кенгуру» деген аналар орталығымен байланысқа шықтық. Оны бізге Салтанат Берденқызы ұсынды. Сол дәрігердің айтқанын істедік. Ол жерде бізді Нина есімді қызметкер қарсы алды. Тоғыз ай бойы ана мен баланың жағдайын айтып отырды. Өте көп көмектесті. Осы сәтте сол кісіге алғыс білдіргім келеді», – деді продюсер.
Сондай-ақ, Баян Мақсатқызы ана атану туралы ойдың қалай және қашан шыққанын айтып берді.
«Сегіз жыл бұрын сүйікті адамыма тұрмысқа шыққаннан кейін балалы болуды қаладым. Соңғы бес жылда үнемі ойлап жүрдім. Одан кейін денсаулығымды жақсартуға уақыт кетті. Көп ота жасалып, физикалық тұрғыда шаршап қалдым. Тұрмыс құрған алғаш кезеңде ол туралы ойламадым. Бір күні Тұрсен екеуміз балаға қатысты тақырыпты талқыладық. Ол: «Онсыз да сенің денсаулығың көп сынақтан өтті, саған қиын болғанын қаламаймын» деді. Бір жағынан жас ерекшелігімді де еске салды. Ол кезде менің жасым 45-те еді. Тұрсен маған бірден: «Баланы өзің көтергеніңді қаламаймын» деді. Қазір заман дамыған. Басқа да жолдары бар. Осы жаста бұл нәрсені басқа жолмен жасауға болады» деді. Содан балалы болу жолында түрлі қадамды іздедік».
Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @bayanmaxatkyzy