Тәуекел Мүсілім бүгінде отбасымен бірге Түркияда уақыт өткізіп жүр. Актердің жары Махаббат Мүсілім инстаграм stories-ында шет елге уақытша көшіп кеткендерін мәлімдеді. Жұлдызды жанұя екі баласымен бірге 1 айға Аланьяға аттанған екен.

Махаббат Мүсілімнің айтуынша Түркияда пәтер жалдау айына 200 евро, яғни 100 000 теңгеге жуық бағаны құрайды. Сондай-ақ, Тәуекел отбасына арнап Аланьядан үй тұрғызып жатыр. Кино жұлдызының жоспары бойынша шет елге барған кезде тұрақты шаңырағы болса дейді.  


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @mahonti__

Поделиться: