Ай-күні жақындап қалған Мақпал Исабекова ауруханаға түскенін хабарлады. Оқырмандарын уайымға салған әнші, желіде қал-жағдайына байланысты ақпараттармен бөлісті.
Екінші сәбиіне аяғы ауыр Мақпал қазіргі таңда дәрігерлердің қарамағында. Ақ халаттылардың айтуынша Исабакованың жүктілігіге қауіп төніп тұр. Сондықтан да әншіге ауруханада емделу қажет болған.
«Мен босанбадым. Себебі әлі ерте. Қауіп бар деп ауруханаға жатқызып қойды. Қызым екеуміз үшін дұға етіңіздерші. Менің де, оның да жағдайы жақсы болсын деп тілеңіздерші. Дәрігерлер бұл жағдайда қажетті нәрсенің барлығын жасап жатыр. Бәрі жақсы болады», — деп Мақпал фолловерлерінен қолдау сұрады.
Фото. Instagram @makosyai
Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @makosyai.