Баян Алагөзова үшінші мәрте ана атанды. Продюсер мұндай қуанышты жаңалықты өзінің инстаграм парақшасында бөлісті. Медиа тұлға кішкентай қызымен фото жариялап: «Тағы бір мәрте ана атандым. Біз сені ұзақ күттік. Біздің үш келі бақытымыз. Біздің қызымыз дүниеге келді. Алагөзова және Тұрсынғалиқызы», деп жазба қалдырды. Баян Мақсатқызын құттықтап оқырманнан сүйінші сұраған жандардың қатарында Айсәуле Бақытбек, Аша Матай және Динара Сәтжан бар. Ал мұндай жаңалықты күтпеген фолловерлер болса, Мақсатқызы жүктілігін қалай жасырып келгенін болжап әлек, тіпті кей жазылушылар продюсер бұл орайда суррогатты ананың көмегіне жүгінді деген тұжырым жасауда. Ал бөбектің дүниеге келуі жайлы Баян Мақсатқызы тұңғыш қызы Айсәуле Бақытбектің «Syrlasu» подкастында эксклюзивті түрде бөліспек.
Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @bayanmaxatkyzy