Жұлдыздардың танымалдыққа дейінгі өмірі әрқашан қызық, әсіресе медиа тұлғалардың жанкүйерлері үшін. Фанаттар кумирлерінің өнер жолына қалай келгенін білуге құмар. Harper’s BAZAAR Kazakhstan шоу-бизнес өкілдерінің жастық шағына шолу жасап, олардың бүгінгі күнге дейін қалай өзгергенін көрсетпек. «Жұлдыздар танымалдыққа дейін және қазір…» атты немесе «до и после» айдарының кезекті кейіпкері – «Асыл» тобының мүшесі әрі қобызшы Ақерке Бүркітбай.
Ақерке Бүркітбай – сегіз қырлы бір сырлы ару. Өнелі бикешті — «Асыл» тобының мүшесі ғана емес, актриса, әнші, қобызшы тіпті биші ретінде де көре аласыз. Қазіргі таңда асыл жар және аяулы ана. Ол ҚР Халық әртісі Роза Рымбаеваның келіні, яғни Қуанышқызының тұңғышы Әли Оқаповтың жары. Бүгінде жұптың 1 жас 10 айдан асқан Зейін есімді бір ұлы бар.
Ақерке Бүркітбай Атырау қаласында дүниеге келген. 7 жасынан бастап қобызда ойнауды үйренген. Талантты ару бүгінде қазақ шоу-бизнесінде ойып тұрып орын алатын өнерпаздардың бірі. 2010 жылы «Қазақ аруы» сұлулық байқауына қатысқан Ақерке желіде әдемлікті әспеттейді, табиғилықты жаны сүйеді. Сондықтан да нәзік жандыларға барынша шынайы болуға кеңес береді.
Инстаграм парақшасында 360 мыңнан аса оқырманға lifestyle форматында влог жүргізетін Ақерке, отбасын да өнерін де қатар алып жүр. Ең бастысы балансты дұрыс ұстай алу қажет дейді Бүркітбай-тегі.
Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @akerkeburkitbay Автор. @aidanaaphotos