Жұлдыздардың танымалдыққа дейінгі өмірі әрқашан қызық, әсіресе медиа тұлғалардың жанкүйерлері үшін. Олар кумирлерінің өнер жолына қалай келгенін білуге құмар. Harper’s BAZAAR Kazakhstan шоу-бизнес өкілдерінің жастық шағына шолу жасап, бүгінгі таңда қалай өзгергендерін көрсетпек. «Жұлдыздар танымалдыққа дейін және қазір…» атты немесе «до и после» айдарының кезекті кейіпкері – «Ninety One» тобының мембері ACE.
ACE a.k.a. Азамат Ашмақын – «Ninety One» тобының мембері. Бұдан былай соло әнші. Себебі, ACE соңғы кездері жеке шығармашылығын қолға алып, белсенділік танытып жүр. Тіпті өнерпаздың «Okpeleme» атты трегі жарық көрді. Eaglez үшін кумирге айналған Азамат бала күнінен өнерге жақын. Ескі фотосуреттерге қарап оның креативті болғанын байқауға болады.
Талай қыздың крашына айналған Азамат Ашмақынның бала күніндегі фотосуреттерін жеке мұрағатынан алдық. Сыр сандықта сақталған әдемі кадрлар әнші мен оның жанкүйерлерін бір қадам жақындастырмақ. Мәселен фанаттар енді Азаматтың кішкентай кезде қандай болғанын көре алады.
Ал стиль және имиджге тоқталсақ, ACE бұл орайда батыл әртіс. Музыкант «Ninety One» тобындағы 10 жылда түрлі экспериментке барған. Бір қызығы, Азамат қалай өзгерсе де бәрі оған жараса кетеді. Бұл фактіні eaglez-да растар.
Автор. Гүлдана Мұқан. Фотосуреттер: Кейіпкердің жеке мұрағатынан.