Жұлдыздардың танымалдылыққа дейінгі кездері әрқашан да қызық. Әсіресе медиа тұлғалардың жанкүйерлері үшін. Олар кумирлерінің өнер жолын бастамай тұрған сәттерін жиі көргісі келеді. Harper`s BAZAAR Kazakhstan ұжымы шоу-бизнес өкілдерінің жастық шағына саяхат жасап, бүгінгі таңда қандай өзгеріске ұшырағанын ашып көрсетпек. Біздің «Жұлдыздар танымалдылыққа дейін және қазір…» яғни «до и после» айдарының кезекті кейіпкері – блогер Нагимуша.
Нагимуша көпшілікке танылмай тұрып қарапайым мектепте қызмет еткен. Блогердің бірінші фотосуретінен сол сәтін көруге болады. 2015 жылы желі жұлдызы бастауыш сыныпқа мұғалім болу мақсатында білім ордасында практика өтіп жүрген. Бүгінде Нағима Ахметованың ғаламторда ауқымды аудиториясы бар. Ал, Нагимушаның сұлулығына келсек, блогер табиғилықты жаны сүйеді. Өнерде де, өмірде де барынша шынайы болуға тырысады.
Автор. Гүлдана Мұқан. Фотосуреттер: Кейіпкердің жеке мұрағатынан.