Жұлдыздардың танымалдыққа дейінгі өмірі әрқашан қызық, әсіресе медиа тұлғалардың жанкүйерлері үшін. Фанаттар кумирлерінің өнер жолына қалай келгенін білуге құмар. Harper’s BAZAAR Kazakhstan шоу-бизнес өкілдерінің жастық шағына шолу жасап, олардың бүгінгі күнге дейін қалай өзгергенін көрсетпек. «Жұлдыздар танымалдыққа дейін және қазір…» атты немесе «до и после» айдарының кезекті кейіпкері – актер Рауан Ахмедов.

Рауан Ахмедовты Қазақстандық кинонарықтағы жаңа жұлдыз десек қателесеміз. Себебі актер жастайынан танымал. Мәселен, өнерлі жігіт ең алғаш 10 жасына толмай тұрып «Томпақ» фантастикалық жобасында басты рөлді сомдап, өзінің шығармашылық жолын бастаған. Дәл осы телехикаяның арқасында Ахмедов болашақта кәсіби актер боламын деп шешім қабылдаған.

Кішкентай Томпақ бүгін сұраныстағы актерлердің бірі. Соңғы бірнеше жылда Рауан нарықтағы ТОП туындыларда бой көрсетіп, өзінің аудиториясын кеңейтті. Атап айтқанда, «Игрок», «Черный Двор», «Приговор» және «60 кг». Ал 2025-жылдың басында Ахмедов-тегінің бой көрсетуімен әйгілі «Рэкетир» фильмінің үшінші бөлімі жарық көреді.

21 жастағы актер сондай-ақ «краш». Талай қыздың арманына айналған сері өзінің талантымен ғана емес, сымбатымен де көптің көңілінен шығып жүр. Ал өзін формада ұстау үшін Рауанға дұрыс тамақтану мен спорт көмектесетіні анық.


Автор. Гүлдана Мұқан. Фотосуреттер: Кейіпкердің жеке мұрағатынан.

Поделиться: