Жұлдыздардың танымалдылыққа дейінгі кездері әрқашан да қызық. Әсіресе медиа тұлғалардың жанкүйерлері үшін. Олар кумирлерінің өнер жолын бастамай тұрған сәттерін жиі көргісі келеді. Harper`s BAZAAR Kazakhstan шоу-бизнес өкілдерінің жастық шағына саяхат жасап, бүгінгі таңда қандай өзгеріске ұшырағандарын ашып көрсетпек. Біздің «Жұлдыздар танымалдылыққа дейін және қазір…» яғни «до и после» айдарының кезекті кейіпкері – актер Шәріп Серік.
Шәріп Серік 2013 жылдан бері кино саласының жарық жұлдызы. Актер 22 жасында «Хранители солнца» атты телехикаяда дебют алды. Ал оның қалың көпшілікке танылуына – режиссер Ақан Сатаевтың 2016 жылы жарық көрген «Районы» криминалды драмасы себепкер. Еске салсақ, дәл осы ауқымды жоба үшін Шако 13 келіге арықтаған.
Актер, тележүргізуші әрі шоумен бола білген Шакенти, әлі де сұраныста. Трендтен түспейтін Шәріп Серік бала күнінде тіпті балетпен айналысқан. Адвокат анасының қалауымен құқық қорғау қызметкері болуы тиіс сері, өнер саласынан еш алыстай алмады.
Автор. Гүлдана Мұқан. Фотосуреттер: Кейіпкердің жеке мұрағатынан.